$ 539.55  627.55  6.7

«Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ

Фото: bazis.kz/@ertl.lara
Фото: bazis.kz/@ertl.lara

Қазақстандағы ең ірі құрылыс холдингтерінің бірі BAZIS-A негізін қалаушы, миллиардер Александр Беловичтің аты жанжалға ілікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Кәсіпкердің өгей қызы Лара Эртл Instagram парақшасында оның тарапынан айтылған қорқыту сөздері жазылған видео жариялап, өзінің және отбасы мүшелерінің өміріне алаңдайтынын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы

Лара Эртлдің айтуынша, оқиға 2025 жылдың 22 шілдесінде Ritz-Carlton қонақ үйінде болған. Ол жариялаған жазбасында Александр Беловичтің өзіне және оның отбасы мүшелеріне бірнеше рет күш қолданатынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткені айтылады.

Эртлдің айтуынша, ол өзіне жасалған қорқытуды анасына қолдан жасалған қылмыстық іс бойынша қорғауға шыққан позициясымен байланыстырады.

Әйел бұл жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына арыз бергенін хабарлады.

Александр Белович – Қазақстанның бизнес қауымдастығындағы ықпалды тұлғалардың бірі. Оның BAZIS-A холдингі елде көптеген ірі инфрақұрылымдық және тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүзеге асырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары