$ 533.87  621.64  6.64

Степногорсктегі ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы қаза тапты

Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Фото: st-tec.kz
Фото: st-tec.kz

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысщы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

"Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары