$ 537.34  623.05  6.65

«20 бала жабылып сабады»: Бейнеуде жас жігіттің өліміне қатысты жанжал күшейді

Қазір жедел тергеу жүріп жатыр.

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында болған төбелес жас жігіттің өмірін қиды. 14 тамызға қараған түні Бақдәулет Жалғасқан ондаған жігіттің соққысына тап болып, көлік астында жан тапсырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 20-30 шақты жас жігіт жабылып ұрып, ауыр соққыдан кейін оның қабырға және жамбас сүйектері сынған. «Інім көліктің астында қиналып жатқанда да олар сабап, үстіне секірген», – дейді әпкесі.

Алайда қылмыстық іс «кісі өлтіру» емес, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қозғалған. Бұл шешім марқұмның туыстарының ашуын туғызды. Олар «жәбірлеушілердің бәрі жазалануы тиіс» деп, істі қайта қарауды талап етіп отыр.

Полиция әзірге 14 адамды уақытша қамауға алғанын мәлімдеді. Қазір жедел тергеу жүріп жатыр.

Бұл Бейнеудегі соңғы қайғылы оқиға емес. Бұған дейін де осы аудандағы 11-сынып оқушысы Сағындық Құрмания кісі қолынан көз жұмған. Оның ісінде де сот шешіміне ата-анасы наразылық білдіріп, президентке дейін шағымданған.

Тұрғындар ауданға тән заңсыздықтар мен жастар арасындағы төбелестердің жиілеп кеткенін айтып, әділ тергеу талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары