$ 537.34  623.05  6.65

Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады

Тұтқындау Әбдешовтің осыған дейін атқарған жұмысына байланысты. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбектің айтуынша, аталған жайт Әбдешовтің Шымкенттегі қызметіне қатысты емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тұтқындау Әбдешовтің осыған дейін атқарған жұмысына байланысты. 

Шымкент қаласының әкімдігі сәулет басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің құзырлы органдар тарапынан ұсталғанын растады.

– Әлеуметтік желіде тарап жатқан сондай ақпараттың бар екенін растаймыз. Бұл ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі, Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейінгі орындаған жұмыстарына қатысты екенін мәлімдейміз. Құзырлы органдар тарапынан ол кісінің бұрыңғы атқарған қызметіне қатысты сауалдар туындағаны, соған қатысты мәселе туындағаны рас, – деп мәлімдеді Сәрсен Құранбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары