$ 538.33  626.99  6.71

Президент тапсырмасы: Үржарға Қорғаныс министрлігінің дәрігерлері мінген ұшақ аттанды

Оқиға Бестерек ауылында тіркелді.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Абай облысында болған жол-көлік оқиғасына байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әскери ұшақ жіберілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Үржар ауданында болған қайғылы жағдайдан кейін көмекке С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағы аттанды. Оның бортында реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған медициналық бригада бар.

Оқиға Бестерек ауылында тіркелді.

Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмған, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Үш жасөспірім түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамауға алынды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары