$ 538.57  629.48  6.71

СҚО-да 17 жастағы жасөспірім турникке асылып қалған

Полиция департаменті баланың қайтыс болғанын растады.

Алексей БУЛАТОВ / KP.RU
Алексей БУЛАТОВ / KP.RU

Аққайың ауданына қарасты Кенжегалы ауылында 17 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайға тап болды. Ол өз үйінің ауласындағы турникке асылып, көз жұмған. Марқұмның денесін ата-анасының бірі тауып алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жасөспірімнің мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасында тұрмыстық қиындықтар болмаған, ата-анасы баланың мінез-құлқына қатысты мәселе байқамаған. Қайғылы оқиға орнынан өлер алдындағы жазба табылмаған.

Бұл – аймақтағы соңғы аптадағы екінші жасөспірім суициді. Бұған дейін Айыртау ауданының Никольско-Бурлук ауылында 14 жастағы жасөспірім де асылып қалған күйінде табылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары