$ 538.57  629.48  6.71

Шерзат ісі: апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Сот отырысына сотталғандар қатысқан жоқ.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматы облыстық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты апелляциялық сот өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Биыл 5 маусым күні сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 адам 23 жылдан 1,5 жылға дейін сотталды.

Атап айтқанда:

— Абзал Шынасыл 23 жылға;

— Равиль Сакиев 20 жылға;

— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;

— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;

— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;

— Думан Ысқақ 1 жыл 6 айға сотталды.

Думан Ысқақ шілде айында жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққан болатын.

Апелляциялық сот қалған 8 айыпталушының өтінішін қанағаттандырмай, алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысына сотталғандар қатысқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары