$ 538.57  629.48  6.71

Шерзат ісі: 20 жылға сотталған Сакиевтің анасы журналистерден кешірім сұрады (ВИДЕО)

Кейін ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл арқалады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

5 маусым күні сот Равиль Сакиевті хулигандық және кісі өлтіруге оқталу бабымен 20 жылға бас бостандығынан айырған соң, оның анасы Баян Сарманова эмоцияға беріліп, айғай-шу шығарған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол сәтте оқиғаны түсіріп жүрген журналистер де әйелдің ашу-ызасының астында қалды. Кейін ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл арқалады.

Бүгін апелляциялық сотта Сарманова журналистерден кешірім сұрап, олардың өз жұмысы үшін ғана сол жерде болғанын мойындады. Дегенмен ол әлі де ұлының жазықсыз екенін айтып, Сакиевтің қылмысы тек хулигандықпен шектелетінін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары