Соңғы рет ол тыңдауға ауруханадан онлайн қосылған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісінде сот процесі шешуші сәтке жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Іс қазір тараптардың жарыссөзі кезеңіне өтті. Прокурор айыпталушы Ернар Жиембайға қатысты бүгін жаза мерзімін сұрамақ. Бұған дейінгі отырыстарға Берденов қатыса алмаған еді — ол ұзақ уақыт ем қабылдап, жуырда тағы бір ота жасатқан.
Соңғы рет ол тыңдауға ауруханадан онлайн қосылған болатын.
Енді сотта оның тікелей жауап беруі істің маңызды бөлігіне айналып отыр.