$ 539.38  629.46  6.76

«Той – қазақтың қазынасы» деген - бишара сөз»: Жазушы Қанат Тілеухан күтпеген мәлімдеме жасады

"Қайдағы қазына? Қиналып тапқан ақшаң бір сәтте жоқ болады".

Коллаж: caravan.kz
Коллаж: caravan.kz

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан қазақ қоғамында тойлардың шамадан тыс көбейіп кеткеніне назар аударды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қанат Тілеуханның айтуынша, «Той — қазақтың қазынасы» деген сөз шындыққа жанаспайды.

"Той — қазақтың қазынасы деген бір бишара сөз бар. Қайдағы қазына? Қиналып тапқан ақшаң бір сәтте жоқ болады. Сосын қалтаң босап, несиең қысып, тағы да жетпей жатады. Біздің бала күнімізде тойдың екі-ақ түрі болатын — үйлену тойы және әскерге шығарып салу. Соңғысы қызықты өтетін, тіпті шақырмаса да баруға тырысатынбыз. Қазір сүндет той, тілашар, 30 жас, 40 жас, 45 жас, 50 жас — қысқасы, түрі сансыз. Тойға барып, шаршап қайтамын. Соған қарамастан, тойханалар күн сайын көбейіп жатыр", — деді ол.

Жазушының бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары әртүрлі реакция білдірді:

«Әншілердің ғана қазынасы», «Толық келісемін», «Той — ысырап», «Заманның озығы да, тозығы да бар», «Тамадалар көңілден шықпайды», «Бұрын тойда кедей де, бай да разы болатын, қазір бәсеке ғана» деген сынды пікірлер қалдырған.

Тақырыпқа актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс та араласты. Ол Қанат Тілеуханның сөзіне келіспейтінін жеткізді:

"Той — қазақтың қазынасы» дегенді «бишара сөз» деп айту — ұлттық дәстүр мен танымды үстірт түсінудің белгісі. Тойды кемсіту — тамырды қиып, бүр жарған бәйтеректі «неге жапырақ жайдың» деумен бірдей. Әрине, бүгінгі кейбір тойлардың жасанды даңғаза, ысырапшыл, дарақы тұстары бар. Бірақ бұл — тойдың емес, оны ұйымдастырушылардың талғамы мен тәрбиесіне қатысты мәселе", — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары