Қайғылы жағдай бүгін Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болды.
Шығыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі қаза тапты: су құбырын жүргізу жұмыстары кезінде техника траншеяға құлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай бүгін Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болды.
Ауылда жаңа су құбыры тартылып жатыр. Жұмысты атқарып жатқан мердігер – «ТМ Тепломир» ЖШС.
Оқиға орнынан кейін бірден ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бозанбай ауылына келді.
Облыс әкімі жұмыс орнында болған жазатайым оқиғаның себептерін жан-жақты зерттеуді тапсырды. Егер еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталса, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрымбет Сақтағанов қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетуді де тапсырған.
1981 жылы туған трактор жүргізушісінің артында төрт баласы қалды.