$ 536.58  622.75  6.71

Атышулы Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жетті

Хасан Қасымбаев қазіргі уақытта ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысы полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа және басқа да күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ-та Хасан Қасымбаевты "Хуторлықтар" деп аталатын қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі деп атайды. 

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі (Адам ұрлау), 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алушылық) бойынша жүргізілді.

21 шілдеде айыптау актісімен бірге іс материалдары қадағалау органына жолданды. Алматы облысының прокуратурасы оларды қарап шығып, істі сотқа тапсырды.

Хасан Қасымбаев қазіргі уақытта ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары