$ 536.58  622.75  6.71

Қосшыда 5 жасар бала су арнасына құлап қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.

Фото: @HALYQSTAN
Фото: @HALYQSTAN

Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Қайғылы жағдай 3 тамыз күні болды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, шамамен 12:40 кезінде «Нұра–Есіл» су арнасынан 2020 жылы туған баланың мәйітін туысы тауып алған. Бала киіммен болған, өмір белгілері болмаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала кездейсоқ арнаға құлап кеткен болуы мүмкін.

Айта кетейік, «Нұра–Есіл» су арнасы — Нұра өзенінен Есілге су жеткізуге арналған стратегиялық маңызы бар гидронысан. Бұл канал елорда мен маңайындағы аумақтарды сумен қамтуға қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары