$ 543.24  619.89  6.78

Семейде жігіттің қызды көлікке күштеп сүйрегені жұртты шошытты (ВИДЕО)

. Ол «ұрып-соғу» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Семейде куәгерлер полицияға хабарласып, ер адамның жылап, «өтінем, жетеді!» деп жалынған қызды көлікке күштеп отырғызғанын жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тәртіп сақшылары анықтағандай, көлікте азаматтық некедегі жұп болған. Олардың арасында тұрмыстық жанжал туындап, 23 жастағы жүргізуші қызға күш қолданған. Ол «ұрып-соғу» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар бірнеше заңбұзушылықты тіркеді: агрессивті мінез-құлық, жол ережесін өрескел бұзу және түнгі уақытта тыныштықты бұзу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео #Семей