$ 543.24  619.89  6.78

Елімізде бензин бағасы тағы да қымбаттайды

АИ-92 маркалы бензин 205 теңге көлемінде, ал АИ-95 244–264 теңге шамасында сатылып жатыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледі. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір арзан жанармай көлеңкелі жолмен өзге елдерге шығарылып жатыр. Сондықтан, бензин мен дизель отынының құнын көрші елдердегі бағамен теңестіру қажет.

Сондай-ақ вице-премьер өндірісті ұлғайту жайы да қарастырылып жатқанын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңін салу жоспарланып отыр. Яғни, мұнай өңдеу көлемі екі есеге, 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін өспек. Бұдан бөлек, Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ.

Айта кетейік, қазір жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 205 теңге көлемінде, ал АИ-95 244–264 теңге шамасында сатылып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары