$ 543.24  619.89  6.78

«18 жастағы көңілдес тауып алған»: Танымал кәсіпкер күйеуінің сатқындығын айтып жылады (ВИДЕО)

"Баламды аяққа тұрғызудың орнына, 7 ай болды сотта жүрмін".

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал кәсіпкер, "Jet" пауэрбанк шығартын компания басшысының әйелі күйеуінің бар опасыздығын жайып салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы кәсіпкердің әйелі Әйгерім Оташева «Stan.kz» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Жолдасым 18 жасар көңілдес тауып, ажырасуға алдын ала дайындалған. Іс-сапар, іс-сапар деп, Дубайға барған, жағажайда демалған. Бұл өмір деді, менің бизнесім ұлымнан да артық деді.

Маған айтады: «Сен білмедің бе, көңілдесінің бар болғанын?», дейді. Мен сезбедім. Досымның әйелі хабарласып жатыр: «Әйгерім, Олжастың баласы дүниеге келіп жатыр» деп. Үйленген кезде бізде ештеңе болмады. Мен ешқашан сатқындық жасайды, балаға қатыгез болады деп ойламадым.

Баламды аяққа тұрғызудың орнына, 7 ай болды сотта жүрмін», — деп жылады келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 28
Күлкілі 8
Ашулы 58

Серіктес жаңалықтары