Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астында қалған.
30 шілде күні таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Газель» көлігінің жүргізушісі рульде қалғып кетіп, жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соғылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астында қалған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазір жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталып жатыр.