$ 546.36  630.44  6.7

Қосшыда енесін алдаған келін елдің жағасын ұстатты

Әрекетін жасыру үшін «ұрылар тонап кетті» деп полицияға хабар берген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

 

Қосшыда болған оқиға желідегілерді шулатты: әйел енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысына берген қарызын жапқан.

Бірақ артынан бұл әрекетін жасыру үшін үйін әдейі астан-кестен етіп, «ұрылар тонап кетті» деп полицияға хабар берген.

Құқық қорғау органдары шындықты анықтағанда, әйелдің бәрін қолдан ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол қылмыс жасалғаны туралы өтірік айтқаны үшін Қылмыстық кодекстің 419-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Прокуратура мұндай жалған хабарлама үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

Айласы ашылған келін — қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары