$ 546.36  630.44  6.7

Ақтөбедегі мешітте келуші қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды

Сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. 

Фото: instagram.com/emmanuellanauryzbaeva
Фото: instagram.com/emmanuellanauryzbaeva

Ақтөбедегі мешітте қызға тиіскен ер адам 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде күдікті Талғат Ахметов Ақтөбедегі "Нұрғасыр" мешітінде белгілі ақтөбелік блогер Эммануэлла Наурызбаеваға тиісіп, "жыныстық қатынас үшін бір реттік неке қиюды" ұсынғаны түсірілген видео тараған еді.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындамады. Алайда сот Ахметовтің кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары