Өзін «белсенді, құқық қорғаушы» санайтын Қатауов бұрын «оқушы қызбен жыныстық қатынаста болды» деп айыпталып, мектептен қуылған.
54 жастағы Талғат Қатауовтың 6 мен 14 жас аралығындағы бірнеше қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасағаны белгілі болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оған Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі «Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау» бойынша айып тағылып оытр. Бұл бап үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бастапқыда Т.Қатауовқа Қылмыстық кодекстің 124-бабы «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» бойынша іс қозғалған. Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Десе де, сот отырысының соңында прокурор оған тағылған айыпты онша ауыр емес айыппен ауыстыруды сұрады.
Өзін «белсенді, құқық қорғаушы» санайтын Қатауов бұрын «оқушы қызбен жыныстық қатынаста болды» деп айыпталып, мектептен қуылған.