Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам мас күйде болған.
Ақтауда ондаған полицей тоқтау туралы талапты елемеген жүк көлігінің соңынан қуа жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қуғын сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін түнде, 29 шілдеде болған.
«Мирас» жасағы жүк көлігін Промзона ауылында тоқтатуға тырысқан. Алайда жүргізуші заңды талаптарға бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қалаға кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолда жүрген өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді дер кезінде ескертіп, ірі жол апатының алдын алды.
Құқық бұзушы бірден бірнеше жол қозғалысы ережесін бұзған. Жолдың бір бөлігінде полицейлер арнайы «кірпіш» торын жайып тастаса да, бұл да жүргізушіні тоқтата алмаған. Оны тек 14-шағын ауданда ұстау мүмкін болды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам мас күйде болған. Жүк көлігі айып тұрағына жеткізілді.
Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.