"Адам өлімі болғанша күтеміз бе?".
Жезқазған тұрғындары жол сапасына тағы да наразы. Қалада кейбір көшелердегі терең шұңқырлар мен жарылып кеткен асфальт кесірінен көліктер аударылып, жүргізушілер мен жолаушылар өміріне қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеолар мен суреттерде жолдардың нашар күйі анық көрінеді. Апатты шұңқырлардың кесірінен бірнеше көлік зақымданған. Жергілікті халық билікке үндеу жолдап, мәселені дереу шешуді талап етіп отыр.
“Бұл – жол емес, нағыз миналанған аумақ. Қай көлік аударылып, кім зардап шегетіні белгісіз. Адам өлімі болғанша күтеміз бе?” – дейді ашынған тұрғындар.
Қала әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардан бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме әзірге берілмеді.