Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Байқоңыр ауданындағы Алаш тасжолы маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бөтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы City Mall сауда ойын-сауық орталығында да өрт болып, балалар киімі мен ойыншық сатылатын бутиктер жанған еді.
• Фото: ҚР ТЖМ