$ 546.36  630.44  6.7

Астанада бариста өзі жұмыс істейтін кофехананы тонаған

Бариста қолды еткен ақшаның бәрін жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Елордадағы кофеханалардың бірінде әкімші кассадағы ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға арызданған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Есіл ауданының криминалдық полициясы күдіктіні жедел анықтады. Ол — 20 жастағы бариста. Тергеу барысында анықталғандай, ол бірнеше ай бойы жұмыс кезінде кассадағы ақшаның бір бөлігін жасырын түрде ұрлап келген.

Күдіктінің өзі кінәсін мойындап, ақшаны аз-аздан алғанын айтыпты — осылайша ұрлық көзге түспейді деп ойлаған. Алайда мекеме иесі тексеріс кезінде қаржының жетіспейтінін байқап, тәртіп сақшыларына жүгінген.

Бариста қолды еткен ақшаның бәрін жеке қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазір бұл факт бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинақталып жатыр. Келтірілген залал көлемі нақтылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары