$ 541.45  631.17  6.78

«Нумерологтар дәрігерлерден көп табатын елде өмір сүріп жатырмыз»: Шетелдегі қандастар дабыл қақты (ВИДЕО)

Маманның ойынша, сапалы медицинаның негізгі іргетасы — дәрігердің еңбегіне әділ баға беру.

 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Америкада тұратын және саясат саласында жұмыс істейтін қандасымыз Қазақстандағы медицина қызметінің жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, елімізде адамның өмірін құтқаратын дәрігердің еңбегі көлеңкеде қалып, керісінше, болашақты “болжайтын” мамандықтар жоғары бағаланады.

"Жылдар бойы білім алып, адам жанын сақтап қалатын дәрігерлердің табысы нумеролог пен коучтардан аз болуы — қоғамдағы құндылықтардың қисайғанының көрінісі. Бұл жүйе өзгермейінше, медицинаның да қадірі артпайды. Дәрігердің еңбегі тиісті деңгейде төленуі тиіс. Сонда ғана адамдар бұл мамандыққа құрметпен қарай бастайды", — дейді ол.

Маманның ойынша, сапалы медицинаның негізгі іргетасы — дәрігердің еңбегіне әділ баға беру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары