Алайда ол толыққанды пікір бермеді, сөздерін үзіп-үзіп, асығыс айтты.
Сот жарыссөзінен кейін журналистер Перизат пен оның анасының адвокаты — Асланбек Даулетьяровпен сөйлесуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда ол толыққанды пікір бермеді, сөздерін үзіп-үзіп, асығыс айтты.
БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Даулетьяров:
— Жоқ, әрине. Біз істі ұтқан жоқпыз, біздің бұл істе дәлелдеріміз, айыптауларды жоққа шығаратын уәждеріміз бар, — деді. Кейінгі сұрақтарға да ол кеңірек жауап бермеді: — Барлығын өз сөзімде дәлелдеймін, қазір ештеңе айта алмаймын, — деп қысқа қайырды.