$ 544.87  639.02  6.88

«Ақшасы төленген, бірақ билет жоқ»: Атыраудан Ақтауға бағыт алған Fly Arystan рейсінде шу шықты (ВИДЕО)

Бұл оқиға қоғамды дүрліктірді. Әлеуметтік желіде халық пікірлері қарша борады.

Фото: КазТАГ
Фото: КазТАГ

20 шілде күні таңғы 3:30-да Атыраудан Ақтауға бағыт алған Fly Arystan рейсі жолаушыларының бірі Еркебұлан Смайлов пен жұбайы әуежайда төбесінен жай түскендей күй кешті. Еркебұлан алдын ала билет алып, тіркеуден де өтіп қойған. Бірақ ұшаққа мінер кезде әйелін өткізіп, өзін бортқа жібермей қояды. Қызметкерлер: «сіздің билетіңіз базада жоқ» деп суық жауап қайтарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абдырап қалған Еркебұлан: «Қалай жоқ? Міне, билеттеріміз дайын, тіркеуден өттік қой!» — деп шырылдағанымен, нәтиже шықпайды. Кейінірек оның билеті басқа адамға сатылып кеткені белгілі болады. Fly Arystan өкілдері оған «алты ай тегін ұшу» ұсынып, жағдайды жамап көрген. Бірақ жұмысы асыққан Еркебұлан таксимен кетіп қалуға мәжбүр болады.

Бұл оқиға қоғамды дүрліктірді. Әлеуметтік желіде халық пікірлері қарша борады:

«Артық билет сатады да, тіркеуге тұрмасаң, ұшып кете алмай қаласың. Ұйықтап отырмау керек!», «Ақшасын алып, жолдан қалдырып қояды. Масқара!»,«Fly Arystan тек ақша жасауды біледі. Қызметі нөл!», «Онбаған компания! Халықты сыйламайды!», «Air Astana-ға билет алып, Fly Arystan-мен ұшып келесің. Компенсация да жоқ!», «Менің де құрбым солай қалып қойған. Жаныма батты», - деп жазды халық.

Жолаушылардың айтуынша, мұндай жағдайлар Атырау әуежайында бұрын да болған. Тіпті кейбірі «прокуратура қайда қарап отыр?» деп ашуларын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары