$ 450.91  522.69  5.33

«Тұңғышымның дертіне өзімді кінәләймын»: Танымал актриса қызының сырқаты туралы алғаш рет ашық айтты (ВИДЕО)

Ауырып ауруханада жатты.

«Мамский әңгіме» подкастына қонақ болған театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова қызының денсаулығына байланысты басынан өткен қиын кезеңді ашық айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, қызы ауырып, ауруханаға түскеннен кейін оған дәрігерлер бірнеше рет антибиотик тағайындаған. Алайда ем қабылдағаннан кейін баланың жағдайы жақсарудың орнына, іші тоқтамай өтіп, қайта-қайта құса бастаған.

«Ауырып ауруханада жатты. Дәрігерлер антибиотиктер сала берген. Кейін тоқтамай іші өтіп, құса берді. Сол кезде енеміз өздерінің емханасына қаратты», – дейді Гүлшат Тутова.

Актрисаның айтуынша, осы жағдайдан кейін баланың денсаулығында басқа да мәселелер пайда болған. Атап айтқанда, қызының құлағына зақым келе бастаған.

«Осы кезде құлағына зақым келе бастаған», – дейді өнер адамы.

Гүлшат Тутова бұл жағдайдың отбасы үшін ауыр болғанын айтып, қызының денсаулығына қатысты болған оқиғаны көпшілікке ашық жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0