Осы арада жәбірленуші мамырдың екінші онкүндігінде ауруханадан шыққан еді.
Шулы оқиғаға байланысты процесс 28 шілдеде Шымкентте басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
— Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Алдын ала тыңдау 2025 жылғы 28 шілдеге сағат 10:00-ге белгіленді, — деп хабарлады соттан.
Осы арада жәбірленуші мамырдың екінші онкүндігінде ауруханадан шыққан еді.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында шенеунікке оқ атылған болатын. Күдікті сол жерде ұсталды. Деректер бойынша, бұл әрекет өзгелердің өміріне қауіп төндіретін жолмен жасалған кісі өлтіруге оқталу ретінде тергелді.
Қастандықтың себебі әлі белгісіз. Әлеуметтік желіде үш нұсқа талқыланды: қудалау, бизнес саласындағы келіспеушіліктер және тұрмыстық жанжал.