$ 533.61  621.07  6.78

Тоқаев «Бағанашыл» балалар үйін көшіруге тыйым салды

Президенттің тапсырмасына сәйкес, балалар үйі орнында қалып, тәрбиеленушілер Алматыда оқуды жалғастырады.

фото: видеодан кадр
фото: видеодан кадр

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіру мәселесімен танысып, нысанды көшіруді тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада білімін жалғастыруы үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны қаланың балансына алуды жүктеді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, балалар үйі орнында қалып, тәрбиеленушілер Алматыда оқуды жалғастырады.

Сондай-ақ, бұл жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетін болады.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық заңды құқықтары толық көлемде сақталатыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары