$ 533.61  621.07  6.78

Астанада «Big Шанхай» базарын 7 сағат бойы өшірді

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада түнде Алаш тасжолы маңындағы «Big Шанхай» базарынан шыққан өртті сөндіруге жеті сағат жұмсалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қою түтінді алғаш болып өрт сөндірушілердің өздері байқап, дереу дабыл қаққан. Оқиға орнына жеткенде ғимараттың шатырының бір бөлігі опырылып түскен. Қатты түтін өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтіргенімен, жалынды таңғы сағат 7-де оқшаулауға мүмкіндік туған.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 165 адам мен 62 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары