$ 533.61  621.07  6.78

«Газдың құны тым төмен»: Олжас Бектенов елімізде газ бағасы көтерілетінін айтты

Оның айтуынша, солтүстік пен шығысты газдандыру — стратегиялық мақсат.

Фото: pexel
Фото: pexel

Қазақстандағы газдың арзандығы ұзаққа созылмайды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов газ саласының қазіргі жағдайына тоқталып, ішкі нарықтағы бағаны біртіндеп көтеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, солтүстік пен шығысты газдандыру — стратегиялық мақсат. Ал бүгінгі баға әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болғандықтан, бұл салаға инвестиция тарту қиынға соғып отыр.

“Ішкі нарықтағы газдың құны тым төмен. Біз оны біртіндеп өсіріп, газ саласын тартымды әрі дамушы етуге тиіспіз” – деді Премьер-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#нарық #газ #баға