$ 524.24  612.94  6.68

Маңғыстауда Теңге кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады

Бұл көрініс жұртты шошытты: кейбір қолданушылар «адам құлап кеткен жоқ па?» деп алаңдады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында Теңге кен орнында бұрғылау мұнарасы құлаған сәттің видеосы 9 шілдеде әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрдан құрылымның сынып, кабинаның үстінен бір заттың құлап түскені анық көрінеді. Бұл көрініс жұртты шошытты: кейбір қолданушылар «адам құлап кеткен жоқ па?» деп алаңдады.

Тек 10 шілдеде Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме беріп, оқиғаның «Petro НефтеГазСервис» ЖШС мердігер компаниясы мұнараны орнату кезінде болғанын мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, секциялар арасындағы құрылымның иілуі құлауға себеп болған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір нысанды пайдаланушы ұйымның комиссиясы тексеріс жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары