Енді оған өмір бойына сотталу қаупі төніп тұрған жоқ.
Рэпер P.Diddy немесе Шон Комбс қатысты сот процесінде қазылар алқасы ең ауыр айыптар бойынша оны ақтап жіберді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Комбс бес бап бойынша сотқа тартылған еді. Алқабилер соның ішінде сексуалдық құлдық және рэкеттік қастандық бойынша кінәлі емес деп таныды.
Десе де P.Diddy жезөкшелікке тарту немесе жеңгетайлықтың екі фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Судья оның нақты үкімін енді анықтайды, десе де әрбір әрекеті үшін ол ең көбі 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
Егер P.Diddy сексуалды құлдық үшін кінәлі болса, ол әрбір ісі үшін кемінде 15 жылдан алатын еді. Ал рэкеттік қастандық үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылар еді. Енді оған өмір бойына сотталу қаупі төніп тұрған жоқ.