Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Қазақстанның басым өңірінде алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ тұман түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпін алады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауса, солтүстікте, шығыста дауыл тұрады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман болады деп күтіледі", деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті құбылыстар барын ескертеді: