$ 519.51  611.83  6.6

Министрлік ең төменгі жалақы өсетінін мәлімдеді

Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру бойынша Үкіметтің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазіргі уақытта бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша өңірлік және салалық бөліністе нақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізіп жатыр. Осы деректер ЕТЖ-ні есептеудің негізіне алынады", – деп түсіндірді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, нақты сандар зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады.

"Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мөлшерін арттыру үшін", – деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары