$ 519.26  602.13  6.62

Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысы өтеді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ертең, 2025 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды. 

"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", делінген жазбада.

Бұған дейін, 2025 жылы 20 маусымда Мемлекет басшысының сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша ақпарат алмасу туралы келісімді мақұлдағаны хабарланған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары