$ 521.57  601.01  6.65

«Ay Yola» тобының солисі Forbes-қа енді

Адель бұл тізімге «Музыка» категориясы бойынша кірді.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Музыкалық Ay Yola тобының солисі Адель Шайхитдинова Forbes басылымының нұсқасы бойынша жыл сайынғы «Болашағы бар 30 жасқа дейінгі ресейліктер» тізіміне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«30 жасқа дейін» рейтингісінің жетінші шығарылымы басылымның ресми сайтында жарияланды. Тізімге спорт, өнер, жаңа медиа және басқа да он саладағы жас көшбасшылар енген. Адель бұл тізімге «Музыка» категориясы бойынша кірді.

Forbes атап өткендей, «Homay» әні бір аптада миллионнан аса тыңдалып, Ресейдегі үздік 10 трек қатарына, Өзбекстан мен Әзербайжандағы үздік 5-тікке енген, сондай-ақ Қазақстан чартында бірінші орынды иеленген. Наурыз айының соңында бұл трек жаһандық Shazam рейтингінде алғашқы бестікке еніп, Леди Гаганың «Abracadabra» хитінен озып түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары