$ 511.92  588.91  6.44

13 жастағы жасөспірім 7 жастағы туған сіңлісін өлтіріп алған

Шамамен сағат 04:57-де кезекші бөлімге кәмелетке толмаған қыз балаға ауыр дене жарақатын салу туралы хабарлама түскен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жасөспірімді полиция бөліміне заңды өкілдері жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Октябрь ауданы ІІБ мәліметінше, шамамен сағат 04:57-де кезекші бөлімге кәмелетке толмаған қыз балаға ауыр дене жарақатын салу туралы хабарлама түскен.

«Күдікті ретінде милицияға қаза тапқан қыздың 13 жастағы әпкесі Э.И. заңды өкілдерінің сүйемелдеуімен жеткізілді. Қайтыс болған қыз жеті жаста болған. Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің “Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары