$ 511.92  588.91  6.44

Автобус 5 автокөлікті қаққан: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Апат Сейфуллин даңғылында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда автобус бес автокөлікті қағып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат Сейфуллин даңғылында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға куәгері болған азаматтың айтуынша, №33 бағытында жүретін автобус жолындағы барлық көліктерді соғып өткен.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Кассин көшесімен қиылыста рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

«Сол жерде ол бағдаршамның тыйым салатын сигналына тоқтаған бес көлікпен соқтығысқан. Олар – Hyundai Tucson, Hyundai Accent, Lexus, Mitsubishi Outlander және Chevrolet Cobalt көліктері», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың барлығы медициналық көмекке жүгінген. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 13

Серіктес жаңалықтары