Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталды.
4 маусым күні түнгі 00:26-да Астанадағы «7 бөшке» тұрғын үй кешенінің (Сығанақ көшесі, 23) сыртқы қаптамасынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталды.
Астана әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Оқиға орнына қала әкімі мен аудан әкімі дереу жетті.
Қажет болған жағдайда тұрғындарға қонақүйлерден уақытша баспана беріліп, барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Алдағы уақытта ғимараттың бүлінген қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Буланты көшесі, 14 мекенжайындағы ұқсас жағдайда тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстандырылған болатын.