$ 512.44  593.15  6.52

«Жол жиегіндегі бағанаға соғысқан»: Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші белгісіз себеппен көлікті басқара алмай қалған.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

2 маусым күні кешкі уақытта Астанадағы Республика даңғылында қоғамдық көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маршруттық автобус жол жиегінде орналасқан металл бағанға соғылған.

Оқиға орнына шұғыл түрде медицина қызметкерлері жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші белгісіз себеппен көлікті басқара алмай, бағанға соқтығысқан.

Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру басталды. Апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Жарақат алғандарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары