$ 511.04  581.72  6.41

Жаңаөзенде мектеп бітіруші түлектер жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқанын көруге болады.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқанын көруге болады. Кадрдан түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып жылдамдығын арттырғанын, сонан соң жолда шаң көтеріліп, салдарынан алдағы көлікке барып соқтығысқанын көруге болады.

Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары қорғап тәрізді. Бірақ соның өзінде де бірнеше ұл көліктен бастарын ұстап шығып жатыр.

Ал көпшілік видеоның астында түлектердің ата-аналарын жазалау керектігін жазып жатыр. Оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді. 

Пикап жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары