$ 510.84  579.7  6.39

«Жыламау мүмкін емес»: Әзілкеш Арман Жаналиевтың ұлы ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

Арман Жаналиевке үлкен ұлы ізгі тілегін арнап, жаңа ұялы телефон сыйға тартты.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әзілкеш Арман Жаналиев қуаныштан көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арман Жаналиевке үлкен ұлы ізгі тілегін арнап, жаңа ұялы телефон сыйға тартты. Баласының тілегін тыңдаған шоумен көзіне еріксіз жас алды.

"Жыламай көру мүмкін емес. Айқынский Тигрдің сыйлығы. 2 жыл жинаған ақшасына маған сыйлық жасады. Аллаға шүкір", - деді Арман Жаналиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары болса ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

"Қандай керемет көрініс", "Жыламай көру мүмкін емес, туған күніңмен, достым", "Біз сияқты жылауықтарды әбден жылаттыңыз ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары