$ 510.84  579.7  6.39

«Әскерге бармаған жігіттерге тұрмысқа шықпаңдар»: Депутат қыздарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Сондықтан, ажырасу да көбейіп кетті.

Қырғыз Жоғарғы кеңесінің депутаты Надира Нарматова кеңестің бүгінгі отырысында әскерге бармаған жігіттер әлсіз келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Kaktus Media жазғандай, Надира Нарматова әскерге бармаған жігіт Отанын қорғай алмайтыны, ал Отанын қорғай алмаса отбасын да сақтап қала алмайды дейді.

«Егер жігіт әскерге бармаса, Отанын қалай қорғау керек екенін білмесе, ол отбасы үшін қалай жауап береді? Сондықтан, ажырасу да көбейіп кетті, тірі жетімдер көбейіп кетті. Әскерге бармаған жігіттің мінезі де жұмсақ болады. Бұл деген отбасы институтының бұзылуына себеп болады. Біздің жігіттер отбасы үшін жауап бере алуы керек. Сондықтан, міндетті түрде әскерге баруы керек», - деп мәлім етті депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары