$ 511.92  588.91  6.44

Ертең еліміздің барлық өңірінде сирена ойнайды

Ведомство тұрғындардан үрейленбеуді сұрайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

22 мамырда "Орт-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде барлық өңірде дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаттығулар 22-23 мамыр аралығында өтеді. Үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Павлодар облысында орналасқан.

"Іс-шара аумақтық азаматтық қорғаныс кіші жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи өрттер кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр", – делінген хабарламада. 

22 мамырда сағат 9:00-де дабыл жүйесінің дайындығы тексеріледі. Барлық өңірде электр сиреналары естіледі. Ведомство тұрғындардан үрейленбеуді сұрайды.

Сондай-ақ Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары шекара маңындағы аймақтардағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шараларды өткізуге пайдаланылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары