$ 510.78  576.06  6.35

Полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» бала тұр - ІІМ

Министрдің сөзінше, елімізде «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» жасөспірім тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Министрдің сөзінше, елімізде «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

«10 сәуір мен 31 мамыр аралығында 900 қараусыз жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, 26 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 3 мың — ата-аналардың тәрбиелеу міндетін орындамауына байланысты, 954 бала және 815 ата-ана профилактикалық есепке қойылды, 4 мыңнан астам зиянды интернет-контент бұғатталды», - деп айтты Сәденов.  

Сондай-ақ каникул кезінде «Түнгі қалада қалған балалар» рейді ұйымдаcтырылады.

Бұл жерде басты мақсат:

– жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,

– тұрмысы нашар отбасылармен жұмысжүргізу,

– түнгі уақытта балалардың көшеде жәнеойын-сауық орындарында болуына жолбермеу,

– спирттік ішімдіктер мен темекіөнімдерін сатқан кәсіпкерлер мен ата-аналарды жауапқа тарту.

«Қазіргі таңда, полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» жасөспірімдер тұр. Олардың тек 3 мыңы ғана түзеу жұмыстарымен қамтылған (5 326-дан 2 905)», - деп айтты ІІМ басшысы Үкіметте.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары