$ 510.84  579.7  6.39

Депутат мемлекеттік қарыз мөлшері ұлғайып келе жатқанына алаңдады

Депутат атағандай, Жоғары аудиторлық палатаның деректері бойынша 2024 жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер көлемі 2 есеге жуық өсті.

Коллаж: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов
Коллаж: Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева бюджетті орындауға қатысты жыл сайын көтерілетін мәселелерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Дефицит көлемі едәуір үлкен. Ол жылдан-жылға өсіп жатыр және бюджет кірісі есебінен емес, Ұлттық қордан берілетін трансферт есебінен жабуға алып келіп жатыр. Мемлекеттік қарыз мөлшері ұлғайып келеді. 2024 жылы да солай болды. Мемлекеттік қарыз 2023 жылғы деректермен салыстырғанда 17%-ға өсті. Сондай-ақ тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемі жоғары деңгейде қалып отыр, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Депутат атағандай, Жоғары аудиторлық палатаның деректері бойынша 2024 жылы тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер көлемі 2 есеге жуық өсті. 2023 жылы – 250,2 млрд теңге, 2024 жылы – 475 млрд теңге. Ал анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 862 млрд теңге (2023 жылы – 523 млрд теңгені).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары