$ 509.51  570.6  6.3

«Тырнақтары мен саусақтары жұлынған»: 7 қабаттан лақтырылған Ақнәрдің анасы әділдік сұрап отыр

Адвокат Инга Иманбай да тергеудің біржақты жүргізіліп жатқанын айтып отыр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақтың қаршадай қызы қытайлықтардың қолынан мерт болуы мүмкін. 2023 жылы шілдеде Алматыдағы тұрғын үйдің 7-қабатынан құлап көз жұмған 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның анасы тергеу ісіне наразы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның анасы Гүлстан Қамитова, қызының өздігінен құламағанын, оны азаптап өлтіргенін айтып, Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. 

Анасының сөзінше, сол түні Ақнәр екі қызбен бірге болған. WhatsApp арқылы хабарласқанда, бөтен қыз тұтқаны көтеріп, Ақнәрмен сөйлестірмеген.

Кейін әпкесінің телефонына «бір қызды тұншықтырып, өлтіріп жатыр» деген дауыстық хабарлама келген.

Марқұмның денесінен азаптау іздері анықталған: тырнақтары мен саусақтары жұлынып, қолы сынған, денесінде тістеген іздер бар. Бірақ сараптама тек құлағында сызат бар деп көрсеткен. Қыздың телефоны кейін отбасына қайтарылғанда, анасы ішінен қызын азаптап жатқан видео тауып алған.

Анасының айтуынша, екі қыз — Қытай азаматтары, бірі Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Олар оқиғадан кейін де емін-еркін елге кіріп-шығып жүрген.

Марқұмның туыстары істі «Адам өлтіру» және «Азаптау» баптары бойынша қайта қарауды талап етуде.

Адвокат Инга Иманбай да тергеудің біржақты жүргізіліп жатқанын айтып отыр. Оның сөзінше, дәлелдер азаптаудың анық екенін растаған.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын, бақылауда екенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары