Бірақ еліміздің кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қазгидромет алдағы екі күн ауа райы тұрақсыз болады деп болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның едәуір бөлігі оңтүстік циклонның құрсауында болады. Салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тіпті бұршақ жауады.
"10 мамырда солтүстікте және оңтүстік-шығыста, 10-11 мамырда республиканың шығысында, 11 мамырда батыста қатты жаңбыр жауады деген болжам бар. Республика бойынша жел күшейеді, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында шаңды дауыл соғады", – делінген "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада.
Бірақ еліміздің кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Елдің қалған бөлігінде алдағы күндері температура айтарлықтай ауытқымайды.